Құралай Мейрамбек – Неліктен қиын Текст


Язык песни: Казахский

Құралай Мейрамбек – Неліктен қиын Текст

1)Атады күліп таңым,
Бөленіп нұрға жаным,
Тыңдаймын сезім әнін

Аспанға көзді байлап,
Көзімде жұлдыз жайнап,
Тұрамын сені ойлап.

Күнде де түнде сені ойлап,
Бір сезім маза бермейді тәтті мұң сыйлап.
Жауабы жоқ қанша сұрақ..
Келемін үнсіз,
Сол сезімді айталмай бірақ.

Қайырмасы:
Неліктен қиын?
Неліктен қиын?
Сезімді жеткізу
Неліктен қиын?

Неліктен қиын?
Неліктен қиын?
Сезімді жеткізу
Неліктен қиын?

Неліктен қиын?
Неліктен қиын?
Сезімді жеткізу
Неліктен қиын?

2)Жанымда ешкім жоқта,
Бір өзім қалған шақта,
Жазамын бәрін хатқа.

Қинайды жанды сол бір сезім,
Неліктен қиын жеткізу жүректің ғашық сөзін.

Қайырмасы:
Неліктен қиын?
Неліктен қиын?
Сезімді жеткізу
Неліктен қиын?

Неліктен қиын?
Неліктен қиын?
Сезімді жеткізу
Неліктен қиын?