Нұржан Керменбаев – ЖАРАТҚАН Текст


Язык песни: Казахский

Нұржан Керменбаев – ЖАРАТҚАН Текст

1)Жаратқан барлық ғаламды,
Сен Жаратқан барлық адамды,
Өзенді, көлдерді, тауларды,
Сездірген аязды, алауды.
Көрсеткен арамды, адалды.
Сипаты тоқсан тараулы,
Аса Көркем, Аса Шебер – Жаратқан.

Қайырмасы:

Сендей ешкім бола алмас кең,
Ең Естіп, Көруші сен.
Ооо Жаратқан, Жаратқан.
Ооо Жаратқан Жаратқан.

Саған ешкім бола алмас тең.
Ең Әділ, Білуші сен.
Ооо Жаратқан, Жаратқан,
Ооо Жаратқан, Жаратқан.

2)Ерекше Рахымды,
Өте бай, Қадірлі.
Түсіріп, көтеріп Кешіруші бәрін.
Қолдаушы, Қорғаушы,
Жақсылық Жасаушы,
Құлының Естуші жылап, жалынғанын.
Мархабат Иесі,
Сыйлаушы сенім.
Сырлассаң тыныштық,
Табатын жүрегің.
Жүрегің.

Қайырмасы:

Сендей ешкім бола алмас кең,
Ең Естіп, Көруші сен.
Ооо Жаратқан, Жаратқан.
Ооо Жаратқан Жаратқан.

Саған ешкім бола алмас тең.
Ең Әділ, Білуші сен.
Ооо Жаратқан, Жаратқан,
Ооо Жаратқан, Жаратқан.

3)Алғашқы, Ақырғы,
Мейірбан, Сабырлы,
Тумаған, Туылмаған, Жаратушы Ұлы.
Сәттерде тасыған,
Сәттерде жасыған,
Тәубеге әкелген Сенсің қайта түбі.
Бәрі де Сенікі,
Барымның менің.
Сен сүйген құл болу,
Менің бар тілегім.
Тілегім.

Қайырмасы:

Сендей ешкім бола алмас кең,
Ең Естіп, Көруші сен.
Ооо Жаратқан, Жаратқан.
Ооо Жаратқан Жаратқан.

Саған ешкім бола алмас тең.
Ең Әділ, Білуші сен.
Ооо Жаратқан, Жаратқан,
Ооо Жаратқан, Жаратқан.