Тоқтар Серіков – Мойыл көз Текст


Язык песни: Казахский

Тоқтар Серіков – Мойыл көз Текст

Мойылкөз момын көріктім.
Түсімде сені көріппін
Толқыны долы теңіздей
Желкенсіз желде желіктім
Ботадай көзің мөлдіреп
Сағынып жүрек елжіреп
Өзіңді ғана өзіңді
Тұрған ай жаным көргім кеп
Отқада қондым талғамай
Қанатым күйіп қалған ай
Алыстап барад(ы) жастық шақ
Айдан да биік арман-ай

Бермейді тыным жүрегім
Қалың бір ойдан жүдедім
Көктемде шығып күзде өлген
Махаббат қандай гүл едің

Ботадай көзің мөлдіреп
Сағынып жүрек елжіреп
Өзіңді ғана өзіңді
Тұрған ай жаным көргім кеп
Отқада қондым талғамай
Қанатым күйіп қалған ай
Алыстап барад(ы) жастық шақ
Айдан да биік арман-ай

Кездер ай қайтып келмейтін
Арман ай ерік бермейтін
Өткен шақ сенің еншіңе
Арнадым өлең өлмейтін