Тарас Жауымбаев – Сүйемін қазағымның үш аруын Текст


Язык песни: Казахский

Тарас Жауымбаев – Сүйемін қазағымның үш аруын Текст

Алдыма тосқан әкеп бар асылды,
Көрмедім сіздей ешбір жанашырды.
Қазақтың қызы атанған бір кездері,
Сүйемін мәңгілікке анашымды.

Сездірген махаббаттың күш ағынын,
Сездірмей жүрер маған құса-мұңын.
Бірі – анам, бірі – жарым, бірі – қызым,
Сүйемін қазағымның үш аруын.

Шуаққа бөлеп жүрген жан-жағымды,
Орындап менің барлық арманымды.
Кеше қыз, бүгін келін шаңыраққа,
Сүйемін жүрегіммен жанжарымды.

Шолпандай жаққан менің жұлдызымды,
Қылықты, тәтті күлкі, қырмызы үнді.
Өмірдің мәні де өзі, бәрі де өзі,
Сүйемін еркелетіп гүл қызымды