Шоқан Уалихан – Ана-Әке Текст


Язык песни: Казахский

Шоқан Уалихан – Ана-Әке Текст

Анашым дәл өзіңдей ешбір жан бола алмас
Әкенің ақылын ешбір мектеп бере алмас
Арқалап апарсамда Медина-Меккеге
Қарызбын сендерге !

Қ/сы
Ана!
Сен жердегі жұмағымсың,
Кеудемдегі тұмарымсың,
Мөлдір таза бұлағымсың, жұмағымсың!
Әке!
Дәл өзіңдей қолдасын кім?!
Мен ізіңнің жалғасымын.
Асқар тауым, қорғанышым! Мақтанышым!

Мен үшін биікте тұр Ана деген
Сенің дара жолыңмен Әке жүріп келем
Бір ауыз сөздерің “Айналайын”
Жүрегімде тұрады менің әрдайым
Анашым Әкешім ойнап күле бер
Рахатын балаңның мына көре бер
Тілегім менің аман-есен жүре бер, жүре бер!

Қ/сы
Ана!
Сен жердегі жұмағымсың,
Кеудемдегі тұмарымсың,
Мөлдір таза бұлағымсың, жұмағымсың!
Әке!
Дәл өзіңдей қолдасын кім?!
Мен ізіңнің жалғасымын.
Асқар тауым, қорғанышым! Мақтанышым!