Serik Ibragimov – Сүйгенің қайда Текст
Serik Ibragimov – Сүйгенің қайда Текст
Сүйемiн дедің
Сүйгеніме басымды иемін дедің!
Күйемін деп отына ыстық сезімнің,
Қайда кеттің күйдіріп, киелім менің
Cүйгенің қайда
Сүйгеніңе басыңды игенің қайда
Шыдай алмай шаршаймын кейде мұндайға!
Жүрегіңменен
Гүл ерніңменен
Күлимдеп тұрып сүйгенің қайда?
Сағындым дедің!
Сағыныштан көрмесем жарылдым дедің!
Сарғаямын дедің де күзгі қайыңдай,
Қайда кеттің сарғайтып қадiрлiм менің
Сағыныш қайда?
Айналдырған басымды бақ-ырыс қайда?
Мен дегенде көңілің алып-ұшпай ма?
Ғашык адамдар
Қашык адамдар,
Бір-бірін сүйіп, сағыныспай ма?!