Serik Ibragimov – Нуртуғанның термесі Текст


Исполнитель: дуэт с Алатау серілері

Язык песни: Казахский

Serik Ibragimov – Нуртуғанның термесі Текст

Қанекей тілім сөйлеші – көрсетіп көпке өнерді!
Қызылда тілім жел сөзге – туғаннан ақ шеберді.
Кім тыңдайды сөзімді, болмаса әсем мәнерлі?

Басы пұлдыды болады болса жігіт өнерлі!
Дүниедегі жандының бірі артық, бірі төменді!
Алма мойын наз бедеу құмар жігіт мінеді…

Ару ана шалқұйрық бірденде бірге көнерді.
Балдағы тәтті ақ үйрек ерденнен ерге көнеді.
Қаражал құнан ақ шұбар су тұнығын біледі!

Алғыр бүркіт мұз балақ Асқар тауда түлейді,
Алтайы қызыл ақ тамақ қия шыңда жүреді,
Жігіттің артық абзалы бір Аллаға сенеді!

Нәсілсіз елге мал бітсе шығарар іштен шер енді!
Нәсілді ерге мал бітсе, біткенде сайын төменді.
Қанекей сөйле қызыл тіл,
Өнеріңді көрем деп, жиналып отыр көп енді!!