Serik Ibragimov – Әлди әлди Текст


Исполнитель: совместно с Adilet Jaygashar

Язык песни: Казахский

Serik Ibragimov – Әлди әлди Текст

Бір бастығым бар көке деуге үйреніскен
Бір достығым бар алма ғайып күйге түскен
Бір күйбеңім бар өмірімдеп сүріп жатқан
Бір сүйгенім бар тату-тәтті тұрып жатқан

Әлди-әлди-әлди-әлди-әлди-әлди-ай
Бұрынғы өткен мейрамдарым бүгін сағым-ай
Күйге түсті түрлі түрлі түрлі жан дүние- ай
Ұйықтай қойшы ұйықтай қойшы құлыншағым -ай

Бір жастығым бар көшіп кеткен осы ауылдан
Бір қастығым бар мейірімнен жасалынған
Бір көңілім бар қалдырған жан қайтара алмас
Бір өмірім бар екінші рет қайталанбас

Әлди-әлди-әлди-әлди-әлди-әлди-ай
Бұрынғы өткен мейрамдарым бүгін сағым-ай
Күйге түсті түрлі түрлі түрлі жан дүние- ай
Ұйықтай қойшы ұйықтай қойшы құлыншағым -ай