Serik Ibragimov – Әке мен бала Текст


Исполнитель: в дуэте с Khamza Serikuly

Язык песни: Казахский

Serik Ibragimov – Әке мен бала Текст

Балам сен жанарымның
Жарқыраған нұрысың.
Сен мендік махаббаттың
Құзар биік шыңысың
Жадырап жүрші алдымда
Жан-жүрегім жылысын.
Нұр жаусын талабыңа
Тарылмасын тынысың.

Сен қазақтың ұлысың

Ей папа бұл өмірде
Мен саған сенемін
Тап-таза жүрегіммен
Шын жақсы көремін

Ей балам айналайын,
Өсе бер құлыным
Бақыт пен қуанышқа
Толсыншы ғұмырың.

Әке сен сенерімсің
Менің бағыт-бағдарым.
Әрқашан сезіледі
Сенімің мен қолдауың.
Үйретіп жүрсің маған
Бұл өмірдің заңдарын.
Ақтау сенің үмітіңді
Менің басты арманым

Ойламаймын қалғанын