Qanay – Түс Текст
Qanay – Түс Текст
Аман есен келдім қасыңа
Тәтті ұйқыңды бұзбай жаттым жаныңа
жәймен
Сұлулығын сенін тым дара
Айдың жарығынан қызғанам сені
Таң атқанша
Қандай түстер көріп сен күліп жатсын
Қызық маған, бір сұрақ
Түсіңде тоңып мұздама
Жылулық беріп қасыңа
Құшағыма алып жатам оянғанша
Қайырма:
Кеттім ұйқыға
Кіріп келдім каһарманың боп
Кейіпкермін түстің ішінде
Ешкімге бермеймін
(алаңдама)
Сенде андай түстер болама
Жүрсің бір әдемі қалада үлкен
жәймен
Сол қаланы жүрсің аралап
Көше бойын да алма қуалап өзен
Жағасында
Кездестім мен өзіңмен
түрлі-түрлі сезіммен жаратылған
Оянып кетсем асығам
Ұйықтауға мен тез қасыңа
Келіп жайғаңа сені өзімнің құшағыма ала
Қайырма:
Кеттім ұйқыға
Кіріп келдім каһарманың боп
Кейіпкермін түстің ішінде
Ешкімге бермеймін (алаңдама)