ORTA – Белгісіз жан Текст
Орта – Белгісіз жан Текст
Қимадым қоштасқанда жанарыңды,
Мұң шалды-ау сол бiр сәтте қабағымды,
Түбiнен жүрегiмнiң тулап шығып,
Бiр өксiк жұлмалады тамағымды.
Қарақат көздерiңе қарай бердiм,
Қызығы сол ма дедiм дүниенiң,
Күйдiрер көлеңкелi өзегiмдi,
Махаббат неге сонша ыстық едiң!
Жұлдызым жарқыраған аспанымдағы сен,
Жарқ етiп, жоқ болдың ғой
Қас қағымда, қас қағымда.
Жарқыраған, өзiңдi қалай табам?
Жұлдызға жете алдым ба мен аңсаған?
Белгiсiз жан, мен аңсаған, белгiсiз жан.
Бақтарды сен екеумiз аралаған,
Ұзатып тастап кеттің неге маған?
Жыл құсы секілденіп жылай ұшқан,
Жете алмай қала бердiм жаным саған.
Сәулесi айдың түсiп, аймалаған,
Көзiңдi қарағым-ау қайдан табам?
Сүйгеннiң сүйiктiсi болатындай,
Бақытқа ие болар қандай адам?
Жұлдызым жарқыраған аспанымдағы сен,
Жарқ етiп жоқ болдың ғой
Қасқағымда, қасқағымда.
Жарқыраған өзiңдi қалай табам?
Жұлдызға жете алдым ба мен аңсаған,
Белгiсiз жан, мен аңсаған, белгiсiз жан.