Мұхтар Рамазанов – Менің махаббатым Текст


Язык песни: Казахский

Мұхтар Рамазанов – Менің махаббатым Текст

1.Жаным маған көңіліңмен
Өміріңді арнашы…
Еңлікпенен Кебектердің
Біз болайық жалғасы…
Сен бар кезде қаламын мен
Шын бақытқа кезігіп.
Қыз Жібекпен Төлегеннің
Махаббатын сезініп…

Қ/сы:
Мағынаға толып жатыр
Бірге болған сәтіміз.
Тарихтағы ғашықтардай
Қалсын біздің атымыз…
Өміріме сен келгелі
Махаббатқа жақынмын.
Тақырыбы тек өзіңсің
Менің махаббатымның…

2)Сен мен үшін өмірдегі
Сұлулардан сұлусың.
Мен Фархаттай ғашық болсам,
Сен тәп-тәтті Шырынсың.
Бағытымен жүріп келем,
Саған барар жолдардың.
Өткенінен үлгі алайық,
Естайменен Қорланның.
Сен жоқ кезде Ләйлісі жоқ
Мәжнүнменен бірдеймін.
Жалғыз сені ұнатамын
Неге ұнатам? Білмеймін…
Сен бар кезде махаббаттың
Терең сырын ұғам-ау.
Қозы Көрпеш – Баян сұлу
Біздей болған шығар-ау….

Қ/сы:
Мағынаға толып жатыр
Бірге болған сәтіміз.
Тарихтағы ғашықтардай
Қалсын біздің атымыз…
Өміріме сен келгелі
Махаббатқа жақынмын.
Тақырыбы тек өзіңсің
Менің махаббатымның…