Қызға тілек Текст – Назгүл Сұлтанова
Қызға тілек Текст – Назгүл Сұлтанова
Көретін артық жанынан,
Алаңдап ,әркез сағынған,
Әкеңнің жаным гүлі едің,
Үзілдің бүгін бағынан .
Ізімен жүріп ақ ардың,
Жалғайсын жолын анаңның.
Бойжеттің ,ендіөзүйіңнің ,
Туыпты шамын жағар күн .
Бақытты болғын, қош аман,
Күтеді аппақ босағаң.
Қия алмай сені жат жерге ,
Көңілі көптің босаған .
Алыстап туған жеріңнен,
Қауышасың өз еліңмен
Астында аппақ жаулықтың,
Бұрымың қалар өрілген.
Сұлуым,ерке,ақ,керім,
Ашылар жаңа дәптерің.
Балалық күндер артта қап,
Атанасың сен ақ келін.