Кеңес Әлімжан – Сағыныш Текст
Кеңес Әлімжан – Сағыныш Текст
Өртке оранған шақтардың қайда бәрі
Оралмастай ойнады кірпігімде
Сағынышқа толтырып айналаны
Сенде бәлкім жасыңды іркідің бе?
Тағдыр-сезім от орап алып-ұшып
Өткен шақтың әр сәтін берер үзіп
Жолыққанды ынтығып, сағынысып
Іздемей ме жүрегің елегізіп?
Сезіктеніп кездескен жүз таныстан
Айтушы едім жылатып, “кешір деме…”
Мен мұңайып тұрғанда қызғаныштан
Сен күлімдеп тұрушы ең,есіңде ме?
Сенбей тұрып сенуге тырысып ақ
Сенің жалған сөзіңді мәпелегем
Тұншықтырдың демімді уысыңда -ақ
Мүмкін…әлде білмеймін қате менен
Есіміңді көк мұздан ойып алып
Тастай салғам, сен соққан ережеге…
Махаббаттың нүктесін қойып алып…
Әлсін-әлсін қараймын терезеге