Duman – Жылу Текст


Язык песни: Казахский

Описание: Кейбір адамдарға 2023 жыл қиындау немесе сәтсіздік жылы болған шығар. Осы әнмен сіздерге кішкене болсын жылулық сыйлап, келер жылда тек жеңіс пен армандарыңыздың орындалуын тілеймін.

Duman – Жылу Текст

Өзгерт өзіңді
Айтылған бұл әнімдегі тыңда сөзімді
Болу керек келген қиындыққа төзімді
Өзің ғана жеңе аласын өз өзіңді
Аш көзіңді
Тыңда, үндеме!
Бәріне бір өзің алмайсың ғой үлгере
Адамдарға әрқашанда жетпид бірдеңе
Бұл әлемде бәрі сұп-суық
Бірақ
Бәріне керек жылу

Өзгерткің келсе әлемді
Өзіңнен баста
Болмашыға көзіңді
Толтырма жасқа

Қуанып кетпе бәрі
Тез бола қалса
Тек өзіңе жауап бер
Басқаның мінін санағанша

Мен айтам, өзің көресің
Сенбей немесе сенесің
Еңбек ете бер талпынып
Өмірге бір рет келесің