BYTANAT – Анажан Текст


Язык песни: Казахский

Описание: песня о матери

BYTANAT – Анажан Текст

Жарық өмір сыйладың жаным анажан
Бауырым айтшы кім анаңдай сені қорғаған?
Бұл өмір қас пен көздің қысқа арасындай
Өмірдің сен үйреттің ақ пен қарасына
Үйреткен бар білгенін жалғыз баласына

Әлди әлди әлди әлди әлдиіңнен айналайын анажан…
Әлди әлди әлди әлди әлдіңді ұмытпасын әр бала…
Әлди әлди әлди әлди әлдиіңнен айналайын анажан…
Әлди әлди әлди әлди әлдіңді ұмытпасын әр бала…

Сағынып алыс сапардан келем анажан
Дайындашы өз қолыңнан ыстық таба нан
Ана сенің разылығың менің жұмағым
Жаратқаннан сенің саулығыңды сұрадым

Ал, анасы жоқтар үшін қол жаямын аспанға
Бәріне бұйырмаған жалған өмір баспалдақ
Бәлкім бұл дүниеде естімесе егер де
Анасының әлдиін естісін шын өмірде
ӘМИН…

Әлди әлди әлди әлди әлдиіңнен айналайын анажан…
Әлди әлди әлди әлди әлдіңді ұмытпасын әр бала…