Бекет Болат и Жанерке – Жұптарға Текст
Бекет Болат и Жанерке – Жұптарға Текст
Әйелде бар бақыттың бәрі бар
Алтыннан қымбат тұрған ары бар
Бәріне шыдап жүрген төзіммен
Әйелдің дейді қырық жаны бар
Бағалай алсаң балдай сөзі бар
Білесің қыз баланың назы бар
Біздердің жараланса жанымыз
Бір ауыз жылы сөзге жазылар
Бағы бар кейбір жанның соры бар
Әркімнің өз қалаған жолы бар
Өмірде сен қандайсың саған да
Өзіңдей адам ғана жолығар
Өмірдің қарасы мен ағы бар
Көңілдің қуанышы зары бар
Теңісің дәл өзіңдей адамның
Сен үшін жүрегімнің әні бар
Шынымен жан екенмін бағы бар
Тілеген іздемей ақ табылар
Мен үшін талай ерлік көрсеттің
Сол үшін жүрегімді қабыл ал
Сөзімнің аяғы бар басы бар
Көзімнің қуаныштан жасы бар
Сен мені разы қылсаң әрдайым
Алдыңнан алтын қақпа ашылар
Қорғаным қуанышым сен едің
Түсіндім әрбір істің себебін
Көрсінші сені ғана көздерім
Болсыншы сенің ғана дегенің
Бағы бар кейбір жанның соры бар
Әркімнің өз қалаған жолы бар
Өмірде сен қандайсың саған да
Өзіңдей адам ғана жолығар
Ұқсамас бір біріне күндерім
Шын бақыт бірге өмір сүргенім
Өмірлік міндетім ғой бұл менің
Жаным ау менің түзде жүргенім
Күн келер сондай тәтті күн келер
Көздерім сен болмасаң мұң көрер
Жаным ау келем десең сен маған
Қуаныш бақытың мен бірге кел
Бағы бар кейбір жанның соры бар
Әркімнің өз қалаған жолы бар
Өмірде сен қандайсың саған да
Өзіңдей адам ғана жолығар
Бағы бар кейбір жанның соры бар
Әркімнің өз қалаған жолы бар
Өмірде сен қандайсың саған да
Өзіңдей адам ғана жолығар