Асан Абдралин – Мен боламын қасыңда Текст


Язык песни: Казахский

Асан Абдралин – Мен боламын қасыңда Текст

1. Өзгемен тілдеспеспін,
Сырымды білмес те ешкім,
Өзіңсіз күн кешпеспін мәнді.

Сүйемін, сағынамын,
Шүкір деп барыңа мың,
Жаныңнан табылмамын, мәңгі.

Қайырмасы:
Тағдырың – сансыз сынап,
Күй кешсең жалғызсырап,
Мен боламын, боламын қасыңда!

Құламас кім сүрініп,
Мұңаймай жүрші күліп,
Мен боламын, боламын қасыңда!

2. Ойланбай кел маралым,
Жаныңа ем боламын,
Бәрібір мен ғанамын теңің.

Жүрегім алаңдаулы,
Орындап бар арманды,
Қасыңда қалам мәңгі сенің.