Aikerim Kalaubaeva – Қыздарға әсемдік жарасады Текст


Язык песни: Казахский

Aikerim Kalaubaeva – Қыздарға әсемдік жарасады Текст

Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктетер аласаны.
Болмаса сұлу қыз,ару әйел, Табысып ер кімдермен, жарасады.

Қайырмасы:
Өрімтал,көркем сұлу мүсін, Көргенде қайран қап, күюің шын.
Мың ақын жырласа, тіл жетпейтін,
Бұл қыздар жаралған тек
Бұл қыздар жаралған тек, сүю үшін.

Қана алмас құмарың, қарасаң да,
Сұлуға ынтық сұңғақ, аласаң да.
Жердегі аруға жетер емес, Аспанның мың жұлдызын, баласаң да.

Қайырмасы:
Жүздірер жүректі нұрлы үмітте,
Басыңа қоятын мұңды үйіп те.
Арман мен қиялдан жаратылған
Қыз ару қалар мәңгі
Қыз ару қалар мәңгі, сол биікте.

Шалқытып шаңырағын тамашаның,
Бақытын отбасының, жар ашады.
Тірліктің түп мәні ұрпақ деген,
Аруға ана болу жарасады.

Қайырмасы:
Көктегі ай күндей дара тұлға,
Қыз десе дүние дала тұнған.
Қазақтың намысы, ару қыздар,
Мәңгі өлмес арман жырдан,
Мәңгі өлмес арман жырдан жаратылған.

Көктегі ай күндей дара тұлға,
Қыз десе дүние дала тұнған.
Қазақтың намысы, ару қыздар,
Мәңгі өлмес арман жырдан,
Мәңгі өлмес арман жырдан жаратылған.

Бұл қыздар жаралған тек
Бұл қыздар жаралған тек, сүю үшін.