Aigerim Mamyrova – Іздемей қойғаның не Текст


Язык песни: Казахский

Aigerim Mamyrova – Іздемей қойғаның не Текст

1) Көктем үшін керетін қанатыңды
Күзге де жайғаның не?
Мені аңсап шарлаушы ең ғой қара түнді
Іздемей қойғаның не?

Гүлді сүйсең берер ем!
Күнді сүйсең
Сағымдай арманым де…
Сағат тілін саусақпен жылжытушы ең
Сағынбай қалғаның не?

Қайырмасы:

Санам аңсап сертінен жаңылған жоқ
Ғажайып ол шақтарды!
Келме дедің…
Жүрегім ауырған жоқ…
Тек кеудем босап қалды!

2)Тастай салып жалғанның жиегіне
Ұмытып кеткенің не?
Салқын өтіп барады сүйегіме
Жылытып кетпедің бе?

Сендегі өртенгенде жалын ішкі
Тасыған күйге тұнад!
Сезбедің себебі жоқ сағынышты
Осыған үйретіп ап…

Қайырмасы:

Санам аңсап сертінен жаңылған жоқ
Ғажайып ол шақтарды!
Келме дедің…
Жүрегім ауырған жоқ…
Тек кеудем босап қалды!