Қазыбек Құрайыш – Ойладың ба мені Текст


Язык песни: Казахский

Қазыбек Құрайыш – Ойладың ба мені Текст

1. Әндерін салып ұшып аққулар жеткенде
Құлпырған ару көктемде
Жүректі жарып ұшып сезімдер өткенде
Ойладың ба мені?
Балауса балғын шөбі жайқалған бөктерге
Күн нұрын шашып төккенде
Самалдың салқын лебі бетіңнен өпкенде
Ойладың ба мені?

Қ-сы
Көңілсіз кештерде ойладың ба мені
Ойлардың шырмалған орамында
Көп жылдар өтсе де ойладың ба мені
Ойладың ба мені
Ойладың ба

2.Жарқырап жарық жұлдыз аспанда жанғанда
Көз ілмей күткен таңдарда
Жабырқап жаның жалғыз кейде бір қалғанда
Ойладың ба мені?
Кемері көлдей тасып ақ жауын жауғанда
Ағаштар бүршік жарғанда
Мөлдіреп мөлдір тамшы жанардан тамғанда
Ойладың ба мені?

Қ-сы
Көңілсіз кештерде ойладың ба мені
Ойлардың шырмалған орамында
Көп жылдар өтсе де ойладың ба мені
Ойладың ба мені
Ойладың ба