Райымбек Нысанбек и Gibrat – Құдайдан үміт үзбеңіз Текст
Құдайдан үміт үзбеңіз Текст
Тереңге тағдыр батырған кезде…
Адам боп тусаң ақылдан безбе!
Күйбең тірліктің,күйдіргі мұңы,
Күйдіріп жатырған кезде…
Қайғыңыз басқа он оралса да…
Жамау жүрегің жараланса да…
Қас-қағым сәтте жақын жандардың,
Бәрі алыс бола қалса да…
Жек көріп өмір сүрмеңіз!!!
Қайырма:
Сүрінгеніңді қалайтындарға,
Сұқтанып көзін қадайтындарға.
Сынақ екенін біліп тұрса да,
Сыртыңнан күліп қарайтындарға…
Сыр бермес жолды іздеңіз!
Назарын саған бір уақыт бұрып,
Сындарға әбден шыңдатып тұрып.
Жаныңа жарты жұбаныш болар,
Тағы да келер бір бақыт күліп…
Құдайдан үміт үзбеңіз!!!
Уақыттың шығар алдан бір емі,
Үзілмес солай алдан күдері.
Аты айтып тұрған мына жалғанда,
Бәрі де жалған күледі…
Жылуы кетіп қалды ғаламның,
Үміт бар күтер алдыдан әр күн.
Сенсең өзіңе жеңесің бәрін,
Басында әрбір адамның.
Бақ пен сор көрші тұрады!!!
Қайырма:
Сүрінгеніңді қалайтындарға,
Сұқтанып көзін қадайтындарға.
Сынақ екенін біліп тұрса да,
Сыртыңнан күліп қарайтындарға…
Сыр бермес жолды іздеңіз!
Назарын саған бір уақыт бұрып,
Сындарға әбден шыңдатып тұрып.
Жаныңа жарты жұбаныш болар,
Тағы да келер бір бақыт күліп…
Құдайдан үміт үзбеңіз!!!