Жұбаныш Жексенұлы – Нурикамал Текст


Язык песни: Казахский

Описание: "Жолдасым бір қызға ғашық болғанын білдім". "Нурикамал" әні кімге арналған?

Жұбаныш Жексенұлы – Нурикамал Текст

1. Аспандағы ай ма дедім,
Жастық шағым қайда менің?
Жүрегімді елжіреткен
Жаным, қандай жайдары едің?!

Нурикамал, Камалым-ай,
Күндей ашық жанарың-ай,
Қолым жетпей, сөзім де өтпей,
Жаутаңдадым қабағыңа-ай, қарағым-ай.

2. Ойың озық, сөзің тәтті.
Қандай Ана сені тапты?
Көнілімді жарасынан
Сыймай тасып сезім жатты.

3. Күлімдесе ай қабағың,
Қалай ғана жай табамын?
Көктем гүлі ұшқым келіп,
Жердемін деп ойламадым.

We use cookies.